Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
пн - пт: 09.00 - 18.00 обед 13.00 - 14.00
Билеттер мен экскурсиялар
+8 7143 33 89 26, +8 7143 44 87 20
Телефон:
+7 712 382 20 11
Кіру
Тіркелу

Қызылқоға тарихи - өлкетану музейі

Қызылқоғатарихи - өлкетану музейі 1989 жылы ашылып, халық игілігіне қызмет көрсету үшін пайдалануға берілген болатын. Ол үшін алдымен бұрын аудандық ДОСААФ мекемесі болған екі бөлмелі үй пайдалануға берілді.

Музейдің қоғамдық негіздегі алғашқы директоры болып аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Аманқос Сабиров жолдас болды. 

Аудан әкімінің 1992 жылғы 15 - қыркүйектегі №1930 өкімімен аудандық тарихи - өлкетану музейі болып құрылды.

2001 жылдың 15 мамырынан бастап, облыстық Әділет басқармасына тіркелгеннен кейін, аудандық музей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды. Музейдің басты қызметі ұлттық мәдениетті сақтай отырып, келешек ұрпаққа насихаттап отыруына бағытталған. Музей қызметі, қорды жинақтау және есебін алу, реставрация, экскурсиялар, көрмелер және әртүрлі мерекелік шаралар. Музейдің басты құндылығы қорда жинақталған жәдігерлері болып табылады. Қазіргі таңда музей қорында 9740 жәдігер бар, оның 5239 - і негізгі, 4501 - і қосымша қор жәдігерлері. Қордағы жәдігерлердің есебі жүргізіліп, жәдігерлерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүзеге асуда. Музей қорларын мемлекеттік каталогқа енгізу жұмыстары бойынша барлығы 5239 жәдігер енгізілді. Музейде табиғат бөлімінде келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген аң - құстардың тұлыбы мен балықтардың тұлыбы қойылған. Тұрмыс - салт, ұлттық дәстүр (этнография) бөлімінде музей экспонаттары - тарихтың бүгінге жеткен хаты, ертеңіміздің өсиеті, рухани байлығымыз. Сонымен қатар, қазақ халқының зергерлік әшекей бұйымдары ата - бабамыздың қолөнер мәдениетін көрсететін асыл мұрасы, биік шыңы, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің айнасы. Зергерлік бұйымдардың ішіндегі «құстұмсық жүзік», «құдағай жүзік» күміс алқалар, өңіржиектер, үзбелі сырғалар үлгілері бүгінгі және келешек ұрпақтар үшін мұра болары сөзсіз. Мәдениет және әдебиет бөлімі мен ауданның даму тарихы бөлімі орналасқан. Қызылқоға ауданының түлегі, Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушы, Республикаға еңбек сіңген геолог - барлаушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геолог - ғалым Таумыш Жұмағалиевқа және Қазақ ҚСР - ның еңбек сіңірген ғалым және техника қайраткері, КСРО - ның құрметті мұнайшысы, «Ұлы Отан соғысы», «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сафи Өтебаевқа арнап экспозиция жасақталған, ауданымыздың қос ғұламасы Қазақстан Республикасының академиктері Салық Зиманов пен Зейнолла Қабдоловқа арналып жасалған көрмелер халық назарына ұсынылуда.

Келушілер саны: 2020 жыл - 3700; 2021 жыл - 3890; 2022 жыл - 3893; 2023 жыл - 3900 - ді құрайды. 

Жалпы музей ғимараты 1980 жылы салынған, бұрынғы аудандық баспахана ғимараты болған. Ғимаратта үш мекеме отыр. Олар, аудандық архив, аудандық балалар кітапханасы және музей. Қазіргі кезде жыл сайын музей жәдігерлерінің толықтырылып отырылуына байланысты қажетті бөлмелер аздық етуде. Музейде тарихи - танымдық шаралар, жеке тұлғалар көрмесін ұйымдастыруға арналған залдар жоқ. Экспозициялық залдар тар, заман талабына сай емес. Музей мамандары 1 (бір) бөлмеде отыр. Миялы ауылынан жаңа тарихи - өлкетану музейі ғимаратын салудың қажеттілігі туындап отыр.

Жобаны іске асырған жағдайда, музейге келушілердің саны артады және ауылымызға келген қонақтарға заман талабына сай қызмет көрсетіледі.Алдағы уақытта да музей ұжымы заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал ете отырып, шығармашылық бағытта жұмыстана береді.

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.